Кездесу барысында оқушыларға демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екені кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, белгіленбеген жерден өтпеу, қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережесі, электр құралдарын дұрыс пайдалану, су айдындары мен мұз үстінде абай болу, кешкі уақытта ата-ананың рұқсатынсыз сыртта жүрмеу сияқты маңызды қауіпсіздік шаралары да айтылды. Оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде үлкендерге немесе тиісті қызмет орындарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, мектеп аумағына бөгде және қауіпті заттарды алып келуге қатаң тыйым салынатыны туралы нақты түсінік берілді. Бұл талаптардың оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталғаны ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында оқушыларға қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі екені айтылып, демалыс уақытын пайдалы әрі қауіпсіз өткізуге шақырылды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.
