Сайыс барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойын түрлерінен бақ сынады. Атап айтқанда: садақ ату, 16 кг кір тасын көтеру, бес асық, асық ату және қой көтеру ойындары өткізілді. Әр ойын өте тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күшін, мергендігін көрсетті.
Ата-аналар белсенділік танытып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосады.
Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, белсенділік танытқан ата-аналар марапатталды.
