05.03.2026ж күні мектебімізде 4-сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Сапалы білім – ортақ міндет» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында білім алушылардың оқу үдерісіндегі білім олқылықтарын бірлесіп жою мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бастауыш буынды аяқтаған оқушының білім стандартына сәйкес қандай дағдыларды меңгеруі керектігі туралы айтылды.
Оқу ісінің меңгерушісі К. Жапарова мен сынып жетекшілері оқу барысында кездесетін кедергілерді жою жолдарын түсіндіріп, ата-аналарды мектеппен тығыз байланыста болып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.