Ақсу қаласының білім беру ұйымдарының жас педагогтары арасында «Білім берудегі инновация: жасанды интеллект және Кәсіподақ» тақырыбында КВН ойыны өткізілді.Аталған шараның мақсаты – жас мамандардың шығармашылық қабілетін шыңдау, педагогикалық бастамаларын қолдау, заманауи білім беру үдерісіндегі жасанды интеллекттің рөлін және Кәсіподақ ұйымының маңызын насихаттау.Осы байқауға мектебіміздің талантты, креативті әрі ұйымшыл ұстаздарынан құралған “Жігіттер” КВН командасы қатысып, жоғары дайындық пен тапқырлықтың нәтижесінде мектеп намысын абыроймен қорғап, жүлделі І орынды иеленді 🏆Команда мүшелері сахнада өздерінің актерлік шеберлігін, заманауи көзқарасын, кәсіби юморын және бірлігін көрсете білді.Жеңіс құтты болсын! Жас педагогтардың шығармашылығы мен ізденісі әрқашан биіктерден көріне берсін! 🌟