Мақсаты:
4-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін талдау арқылы білім сапасын жүйелеу, проблемалық аймақтарды анықтау, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді енгізу.
Жиналыс барысында 4-сынып жетекшілері білім сапасының көрсеткіштеріне талдау жасады. Әсіресе негізгі пәндер – Математика, оқу сауаттылық және жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктері сараланды.
Сонымен қатар:
• үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізіліп жатқан жеке және топтық жұмыстар туралы есеп берілді;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелері қарастырылды;
• бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындылары талданды;
• оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары талқыланды.
Талдау барысында 4-сыныптар бойынша келесі проблемалық бағыттар анықталды:
• мәтінді түсініп оқу және талдау дағдыларының жеткіліксіздігі;
• есептерді шығару кезінде логикалық ойлаудың әлсіздігі;
• оқу мотивациясының тұрақсыздығы;
• ата-анамен кері байланыстың жүйесіздігі.
Аталған мәселелерді шешу мақсатында мынадай ұсыныстар берілді:
• саралап оқыту әдістерін жүйелі қолдану;
• пәндер бойынша қосымша қолдау сабақтарын ұйымдастыру;
• оқу мотивациясын арттыруға бағытталған белсенді әдіс-тәсілдерді енгізу;
• ата-аналармен бірлескен жұмыстарды күшейту;
• өзара сабаққа қатысу және тәжірибе алмасу сабақтарын өткізу.
Жиналыс қорытындысы бойынша 4-сыныптар арасында білім сапасын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауапты мұғалімдерге тиісті тапсырмалар жүктелді.
