Мектебімізде кезекті PLC (Кәсіби оқу қоғамдастығы) отырысы өтті!📚 Бүгін, 25 ақпан күні, мектебішілік жоспарға сәйкес ағылшын тілі пәні қауымдастығының кеңес отырысы ұйымдастырылды.🎯 Мақсаты: III тоқсандағы білім сапасын саралап, оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын талқылау.Отырыс барысында тәжірибелі ұстаздарымыз маңызды тақырыптар бойынша баяндама жасады:👤 А.А.Майманова – Ағылшын тілі сабағында “Геймификация” әдісі арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарды ортаға салды.👤 Ж.Б.Даутбаева – Сабақ барысында Total Physical Response әдісі арқылы оқушылардың білім сапасын артыру.👤 Б.Б.Уажанова-Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін белсенді оқыту (Active Learning), цифрлық технологиялар және кері байланыс стратегияларын жүйелі қолдану арқылы білім сапасын көтеру.💡 Жиынның басты түйіні:Пәндер бойынша туындаған мәселелерді шешу үшін нақты қадамдар белгіленді:✅ Функционалдық сауаттылықты арттыру;✅ Оқушы мотивациясын оятудың жаңа әдістері;✅ Өзара сабаққа қатысу және тәжірбие алмасу сабақтарын өткізуҰстаздарымыз оқу сапасын жақсарту жолында жаңашыл тәсілдерді енгізуге дайын! 💪✨