Мектебімізде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес әкелермен волейбол ойыны ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы өзара байланыс пен командалық рухты нығайту, спортқа қызығушылықты арттыру және тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Қатысушылар белсенділік танытып, ойын барысында командалық ынтымақтастық пен спорттық ережелерді сақтау дағдыларын дамытты. Үздік ойын ойнаған әкелер мақтау грамоталарымен марапатталды. Белсенділік танытқан әкелер қауымдастығына алғыс білдіреміз.
