Ақсу қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 13-14 жастағы жасөспірімдер командалары арасында шағын футболдан өткен қалалық жарыста Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп командасы 3-орынға ие болды! 🏆
Бұл — еңбектің, табандылықтың, командалық рухтың жеңісі!
Балаларымыз нағыз батырларша ойнады, соңына дейін берілмеді! 💪
Жетекшісі: Тықпасов Бейбіт Жамбулович — еңбегіңіз үшін үлкен рахмет! 🙏
Жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта да табыстар көп болсын! Біз сіздермен мақтанамыз! ❤️
