Бастауыш сынып айлығы аясында Ақсу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушылары, мұғалімі Г.Абдрахмановамен қалалық кітапханада «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу жобасының «12 ай – 12 кітап» бағыты бойынша оқыған кітаптарымен бөлісті. Сонымен қатар «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша сахналық қойылым көрсетіп, шығарманың тәрбиелік мәнін көрермендерге жеткізді.Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға баулу, оқыған кітаптарының мазмұнын түсініп, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету. «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу жобасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенді құрметтеу, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты қалыптастыру.Іс-шара барысында оқушылар кітап оқудың маңыздылығын түсініп, өзара пікір алмасты. Қойылым арқылы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты, үлкенді сыйлау мен әдептіліктің маңызын насихаттады. Кездесу оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында өз мақсатына жетті.