Мектеп директоры Егис И.Е. жас мамандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектеп басшысы жас педагогтермен еркін сұхбаттасып, олардың кәсіби қызметінде кездесіп жүрген қиындықтары мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Атап айтқанда, сабақ өткізу ерекшеліктері, оқушылармен қарым-қатынас орнату, мектеп ұжымына бейімделу және педагогикалық тәжірибені жетілдіру мәселелері талқыланды.
Мектеп директоры жас мамандарға өз ой-пікірлерімен бөлісіп, кәсіби қалыптасу жолында бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
✨ Жас маманға көрсетілген қолдау – сапалы білім мен жарқын болашаққа салынған инвестиция!
