Бүгін мектебімізде кезектен тыс қамқоршылық кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа мектеп директоры И.Е. Егис, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.М. Оспанова, кеңес мүшелері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Сарсенбаева және әлеуметтік педагог А. Еркин қатысты.Отырыс барысында төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:1. 1-сынып оқушылары арасынан әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларының қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысатын тізімін бекіту.Аталған мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Сарсенбаева мен әлеуметтік педагог А. Еркин оқушылардың әлеуметтік жағдайына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, тиісті құжаттарды кеңес мүшелерінің назарына ұсынды. Құжаттар жан-жақты қаралып, ұсынылған үміткерлердің тізімі талқыланды. Кеңес мүшелері балалардың әлеуметтік қолдау алу мүмкіндігін ескере отырып, тізімді бекіту жөнінде шешім қабылдады.2. Жаңа жылдық шыршаларды ұйымдастыруға демеушілер тарту мәселесі.Мектеп оқушыларына мерекелік көңіл күй сыйлау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды назардан тыс қалдырмау мақсатында жаңа жылдық шыршаларды ұйымдастыруға демеушілер тарту мәселесі қарастырылды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.М. Оспанова мен кеңес мүшелері демеушілік көмекті ұйымдастыру, кәсіпкерлер мен жомарт жандарды қайырымдылық шараларына тарту жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Балалардың мерекелік іс-шараларға тең дәрежеде қатысуына жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.3. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.