2026 жылдың 09 қараша күні тарих пәнінің мұғалімдері Индира Егисовна мен Тукай Гулстан 5–6-сынып оқушыларына «Конституция негіздері» тақырыбында қосымша сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ заңды құрметтеу, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері қамтылды.