2026 жылғы 6 қараша күні мектеп директоры И.Е. Егистің бастамасымен мектептің ұстаздар қауымымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің басты мақсаты – кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Мектеп директоры ұстаздар қауымын оқушыларға үлгі бола отырып, кітап оқуға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Себебі кітап оқитын ұстаз – ізденетін ұстаз, ал ізденетін ұстаз – білімді ұрпақ тәрбиелеудің негізі.«Кітап оқитын ұлт болу – әрқайсымыздан басталады!»Кітап оқиық, ойымызды дамытайық, рухани байиық!