Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында волейбол секциясы жұмыс істейді.
Секция барысында оқушылар волейбол ойынының ережелерін меңгеріп, допты қабылдау, беру, ойынға қосу және шабуыл жасау тәсілдерін үйренеді. Жаттығулар олардың шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігін дамытып, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жетілдіруге бағытталған.
Волейбол — ұйымшылдық пен өзара сенімді талап ететін командалық ойын. Сондықтан жаттығулар кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуіне, ортақ мақсатқа ұмтылуына, тәртіп сақтап, жауапкершілік танытуына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтау және қарсыласқа құрмет көрсету дағдылары қалыптастырылады.
📅 Өтетін күндері: сәрсенбі, бейсенбі.
⏰ Уақыты: 08:00–09:30.
👤 Секция жетекшісі: Толеутай Е.Е.
