«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ!» тақырыбында бастауыш әдістемелік бірлестігінің айлығы үштік одақтың қатысуымен ашылды.Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұлттық мұраларымызды ұлықтау және бала тәрбиесіндегі мектеп, ата-ана мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Ұлттық тәрбие – ұлт болашағының берік негізі!Білімді ұрпақ – ел ертеңі, тәуелсіз еліміздің тірегі. Бүгінгі білімді, тәрбиелі, ізденімпаз жас ұрпақ – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі. Білім мен тәрбиені қатар ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!