2026 жылдың 30 қазан күні Астана қаласында «Көркем еңбек пәнінде ұлттық мұра мен заманауи дизайнды ықпалдастыру жолдары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Аталған семинарға мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері Сахаба Көгершін мен Базар Назира қатысып, өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында ұстаздар ұлттық қолөнер мен заманауи дизайнды сабақта ұштастыру, жүнді құрғақ басу техникасы, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін көркем еңбек сабағында тиімді пайдалану бағыттарында өз тәжірибелерін таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұстаздарымыз арнайы сертификаттарға ие болды. 🏆
Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық ізденістеріңіз бен кәсіби табыстарыңыз арта берсін!
Мектебіміздің мерейін асыра беріңіздер! 🌷
