«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіптің бастауы!Күзгі каникулға аттанар алдында оқушылар өздері білім алып жүрген кабинеттерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сынып бөлмелерін ретке келтіріп, тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті.Бұл игі іс «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуді мақсат етеді.Тазалық – ортақ міндет, туған жерді таза ұстау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз!