🎉 ЖЕТІСТІК! ЖАС ПСИХОЛОГТАР ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫН ИЕЛЕНДІ! 🏆Мектеп психологы Темирова Л.С. жетекшілігімен 7 «Г» сынып оқушысы Ханат Айзере мен 7 «Ә» сынып оқушысы Сайлау Нұрай облыстық «Жас психолог» байқауының қалалық кезеңінде жүлделі 3-орынға ие болды!👏✨🎯 Байқаудың мақсаты:Оқушылардың психология саласына деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тану мен тұлғалық даму дағдыларын қалыптастыру, эмоционалдық интеллектісін дамыту және жас психологтардың шығармашылық, практикалық ізденістеріне қолдау көрсету.Дарынды әрі белсенді оқушыларымыз бен жетекшімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! 💐🚀