Мектебімізде өнерге қызығушылығы бар оқушыларға арналған «Вокал» үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме барысында оқушылар ән айту дағдыларын дамытып, дауыс ырғағын дұрыс қолдануды, әнді мәнерлеп орындауды және сахнада өзін еркін ұстауды үйренеді.
Сабақтар әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 10:00–12:00 аралығында өтеді. Үйірме жетекшісі — Кеңес Н. Н.
Ән айтуды ұнататын және өз қабілетін шыңдағысы келетін оқушыларды «Вокал» үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
