«АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІБүгін, 2026 жылғы 8 қазанда, мектебімізде «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бағдарламалары аясындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірыңғай күн шеңберінде «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдық, әділдік пен жауапкершілік қасиеттерінің маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы берік көзқарас қалыптастыру.Кездесу барысында әлеуметтік педагог А Еркин құқық бұзушыдықты алдын алу мен адалдықтың адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екені айтылды. Адал адам әрқашан шындықты айтып, әділ әрекет етуге ұмтылады. Ал сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң мен адамгершілік қағидаларына қайшы теріс әрекет. Оқушылар пара алу мен пара берудің салдары, заңды құрметтеу, өз еңбегімен жетістікке жету және кез келген жағдайда әділ шешім қабылдау туралы пікір алмасты. «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» ұстанымы әр адамның адалдық пен әділдікке деген көзқарасын білдіретіні түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның өзінен басталады. Адалдықты күнделікті іс-әрекетте басшылыққа алу, жауапкершілік таныту және заң талаптарын сақтау – әділетті қоғам құрудың басты шарттарының бірі.Іс-шараны тарих пәні және «Заң және тәртіп» курсының мұғалімі Тукай Г өткізді.