Ұстаздар күніне орай мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған ерекше Құрмет дәлізі ұйымдастырылды. 💐
Бұл дәлізден өткен әрбір ұстазды оқушыларымыз жеке-жеке құрметпен қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілектерін арнады. 🌷✨
Көңілге қуаныш сыйлаған күлкі, жылы лебіз, әсем гүлдер мен мерекелік әуен ұштасып, мектеп дәлізін ұстазға деген шынайы құрмет пен алғысқа толы ерекше мекенге айналдырды. 🤍
Әр ұстаз – осы дәліздегі жарық жұлдыздай. ⭐️
Ал олардың әрқайсысы – шәкірт жүрегіне білімнің нұрын сыйлап, болашаққа жол сілтеген дара тұлға. Ұстазға құрмет көрсетілген бұл ерекше сәт – жүректе қалатын әдемі естелікке айналды!
Мерекелік Құрмет дәлізін мектептің кәсіподақ ұйымы мен Мектеп Парламенті бірлесе ұйымдастырды. 🫶
💐 Ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
