Еңбек күніне орай мектебіміздің Мектеп парламенті мектептің кіші қызметкерлеріне ерекше көңіл бөліп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. 💐
Күнделікті мектептің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етіп, адал еңбегімен үлес қосып жүрген жандарға оқушылар алғыс білдіріп, жақсы көңіл-күй сыйлады.
✨ Әр еңбектің өз қадірі бар!
Еңбекке құрмет — адамға құрмет.
Барша қызметкерлерге еңбектеріңіз жемісті болып, әр күндеріңіз қуаныш пен алғысқа толы болсын! ❤️
Мектеп парламенті – ізгілік пен құрметті дәріптейді! 🫶🏻
