✨ «Тіл – достықтың алтын көпірі» ✨Бүгін мектебімізде 5 “Г” сынып оқушылары арасында өте тартысты әрі қызықты интеллектуалды сайыс өтті! 📚🇰🇿Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдік білімдерін шыңдау және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды. Сайыс барысында балалар:жылдамдық пен білімді талап ететін «Бәйге» кезеңінде сұрақтарға мүдірмей жауап берді;«Мақал – сөздің мәйегі» бөлімінде халық даналығын ортаға салды;логикалық жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ құрастыруда тапқырлық танытты;әсем ән мен бұраңдаған ұлттық бимен кештің көркін кіргізді! Өз білімі мен шапшаңдығын көрсете білді.Тіліміз тұғырлы, достығымыз берік болсын! 💫Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ирманова А.А.