«Айқын нәтиже» жобасы аясында әлеуметтік осал отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеру бойынша жұмыс жүргізілді. Аралау барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, сондай-ақ бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударылды. Оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды.Ата-аналармен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, оның барысында ата-ана жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылықты көтеру және отбасында жағымды психологиялық климат қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сапалы білім алуына жағдай жасау және мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.