Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

Бүгін мектебіміздің 10–11 сынып қыздары және «Аққу» қыздар клубының мүшелері «Әжелер клубының» өкілдерімен тағылымды әрі әсерлі «Үлкендердің батасы – ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында әжелеріміз қыздармен ашық әңгімелесіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып, ізгі тілектері мен баталарын арнады. Жас қыздарға білім алып, жақсы адам болуға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, өз мақсаттарына нық қадам басуға сәттілік тіледі. Әжелердің жүрекжарды әңгімелері мен өнегелі сөздері қыздарға ерекше әсер қалдырып, ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайта түсті. Кездесу соңында мектеп психологы қыздармен арнайы тренинг өткізіп, олардың көңіл-күйін көтеріп, өзара сенім мен сыйластықты арттыруға бағытталған қызықты жаттығулар ұйымдастырды. Шара соңында оқушылар әжелерге шынайы алғыстарын білдіріп,жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізді. Әжелерге көрсеткен қамқорлығы, ақыл-кеңесі мен ақ батасы үшін ризашылықтарын айтып, кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Үлкеннің батасы – ұрпаққа аманат, ақылы – өмірге бағыт. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үлкен мен кіші арасындағы сабақтастықты нығайта берсін!Ұйымдастырған: Тәрбие бөлімі

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
"Асыл әжелер" клубы
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: «Адал азамат » тәрбие бағдарламасы мен «12 ай — 12 кітап» республикалық жобасы аясында 5 «Г» сынып оқушыларымен Ы.Алтынсариннің » Таза бұлақ» жинағынан әңгімелерінің дауыстап оқып, талқыладық.
Next Post: Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown