📚 ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектептегі тәртіпті сақтау мақсатында 8–11 сынып оқушылары арасында рейд жүргізілді.Рейд барысында оқушылардың мектеп формасын сақтау, сыртқы келбеті, сабаққа қатысуы және мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындауы назарға алынды.Рейдқа ТІМ Камзина С.Ж. және Сарсенбаева А.А. қатысты.🔹 Рейдтің негізгі мақсаты – оқушылар арасында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету.Қауіпсіздік пен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік! 📚✨