📚 Қазақ тілі сабағында: «Мәтін түрлерін салыстыру»Бүгінгі сабақта оқушыларым мәтіннің негізгі түрлерін қайталап, оларды салыстырып ажырата білді. ✨🔹 Әңгімелеу мәтіні – белгілі бір оқиғаны, іс-әрекетті ретімен баяндайды.Сұрақтары: Не істеді? Не болды?🔹 Сипаттау мәтіні – заттың, адамның, табиғаттың ерекшелігін, түр-түсін, қасиетін суреттейді.Сұрақтары: Қандай? Қай?🔹 Пайымдау мәтіні – белгілі бір ойды түсіндіреді, дәлелдейді, қорытынды жасайды.Сұрақтары: Неліктен? Не себепті?🎯 Сабақ барысында оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойын анықтап, мәтін түрін дәлелдеуге арналған қызықты тапсырмалар орындады.💡 Мәтін түрлерін ажырата білу – оқушының оқу сауаттылығын, ойлау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастырудың маңызды қадамы. Сабақта белсенді болып, қызыға қатысты.3 «Ә» сынып, жетекшісі Абдрахманова Гульназия Сарсембаевна