Бүгін, 12 мамыр күні мектеп директоры И.Е. Егис оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалыс кезеңінде олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, еңбекпен қамтылуы, сондай-ақ жазғы мектепалды сауықтыру лагері мен пәндік лагерьлердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.Кездесу барысында аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер белгіленіп, оқушылардың жаз мезгілін пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне жағдай жасау жолдары талқыланды.