Ер азаматтарға ерекше құрмет: Мектептегі мерекелік таң! 🎖️✨Бүгін біздің мектебіміздің табалдырығын аттаған әрбір ер азамат өзін нағыз батыр ретінде сезінді! 6 мамыр күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің арулары мен оқушылары ұмытылмас тосынсый ұйымдастырды.🎶 Мектеп іші патриоттық және көңілді әуенге толып, мерекелік леп бірден сезілді.👒 Пилотка киген қыздарымыз сап түзеп, әскери тәртіп пен нәзіктікті ұштастыра білді.🎈Есіктен кірген әрбір ер азаматты шарлармен, жарқын күлкімен және қол шапалақпен қарсы алған «жанды дәліз» (живой коридор) нағыз фурор тудырды!Бұл жай ғана шара емес, бұл — біздің мектептің тірегі болған ұстаздарымызға, қызметкерлерімізге және болашақ қорғаушыларымызға деген шексіз сыйластықтың белгісі. Ер азаматтарымыздың жүзіндегі таңғалыс пен шынайы күлкі біз үшін ең үлкен марапат! 😊👏Ел қорғайтын ерлеріміз аман, рухымыз биік болсын! Мереке құтты болсын, асыл азаматтар! 🇰🇿💪