Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай мектеп кітапханасы «Жеңіс күні! Мәңгі ұмытылмас күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрменің мақсаты — қалам мен қаруды қатар ұстаған майдан ақын-жазушыларының ерлік істерін баяндайтын шығармалары арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу және жастарды өз тарихын терең ұғынуға, шын бағалай білуге, рухани кұндылықтарымызды қастерлеуге дәріптеу.