«Адал азамат» бағдарламасы, «Балалар кітапханасы» жобасы және Ұлттық кітап күніне «Рухани қазына — кітап» атты әдеби кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушылар мен жастарды кітап оқуға баулу, кітаптың рухани байлық екенін түсіндіру, зияткерлік әлеуетті арттыру. Іс-шара барысында оқушылар кітаптың тарихи және мәдени құндылықтарымен танысып, оның адамзат өркениетінің дамуындағы орны туралы тың мәліметтер алады. Оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.