2026 жылдың 27 наурыз күні «Құндылықтарға негізделген білім беру: тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің бірінші бөлімінде 2026 жылғы 05 қаңтарда өткізілген №4 педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Н. Ташмагамбетова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.Негізгі бөлімде құндылықтарға негізделген білім берудің маңыздылығы ашылып, оның қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлі талқыланды. Альмаганбетов К.С. өз баяндамасында құндылықтарға негізделген білім берудің теориялық негіздерін түсіндіріп, заманауи мектеп үшін басым бағыт екендігін атап өтті.Самиға А.К. мен Карабай Н.К. өз тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллект негізіндегі нейрожаттығуларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және құндылықтарды қалыптастыру жолдарын көрсетті. Практикалық мысалдар келтіріліп, қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырды.Тәрбие бағыты бойынша Сарсенбаева А.А. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту жолдарын таныстырды. Бейнеролик көрсетіліп, тәрбие жұмысының тиімді тәсілдері ұсынылды.Келесі бөлімде ОІМ Худас Р. 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жасап, негізгі көрсеткіштер мен проблемалық тұстарды атап өтті.Сонымен қатар, Р.Н. Ташмагамбетова 9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша нормативтік құжаттармен таныстырып, дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын түсіндірді.Кеңес соңында мектеп директоры Егис И.Е. ІV тоқсанға арналған мақсат-міндеттерді айқындап, білім сапасын арттыру және құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту бойынша нақты бағыттар ұсынды.Қорытынды бөлімде педагогтер өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Кеңес нәтижесінде құндылықтарға негізделген білім беруді жүйелі түрде енгізу қажеттілігі атап өтілді.