2026ж. 17 наурыз күні «Өнер арт-инженерия арқылы білім беру» тақырыбында өнер саласындағы маман Асель Есжанова педагогтерге арналған тренингтің жалғасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, креативті ойлау, жобалық жұмыс және пәнаралық байланысты жүзеге асыру дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдануға болатын жаңа әдіс-тәсілдермен танысты. Тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, педагогтер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Тренинг нәтижесінде қатысушылардың шығармашылық және кәсіби құзыреттіліктері артты. Қойылған мақсаттар орындалды.