1-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен Әз Наурыз мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.Мереке барысында сыныптар ауылдарға бөлініп, киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта безендірілді. Ата-аналар тарапынан салт-дәстүрлер көрсетіліп, әсем әндер шырқалды. Сонымен қатар, балалармен бірге ұлттық ойындар ойнатылып, мерекенің көркі қыза түсті. Бұл шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайта түсті.Мереке жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Ұйымдастырып, өткізген сынып жетекшілері:Кунанбаева М.М.Ережепова А.М.Ашимханова Б.С.Топанова Д.Б.Казбекова Р.А.