2026ж. 16 наурыз күні «Өнер арт-инженерия арқылы білім беру» тақырыбында өнер саласындағы маман Асель Есжанова педагогтерге арналған тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамыту, өнер элементтерін білім беру процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету және арт-инженерия әдістері арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа әдіс-тәсілдер таныстырылып, тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Педагогтер өзара пікір алмасып, заманауи білім беру технологияларын қолданудың маңыздылығын талқылады.