Мектеп оқушылары құтырма ауруы бойынша диктант жазды.Құтырма – өте қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру көбінесе ит, мысық, түлкі сияқты жануарлар арқылы тарайды. Құтырма вирусы адамға ауру жануар тістеген кезде немесе сілекейі жараға түскенде жұғады.Құтырма ауруының белгілеріне дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы және қорқыныш жатады. Ауру асқынса, адамның жүйке жүйесі зақымданады.Егер адамды жануар тістеп алса, дереу жараны сабынды сумен жақсылап жуып, міндетті түрде дәрігерге бару керек. Уақытында егілген вакцина адамды құтырма ауруынан қорғайды.Сондықтан белгісіз жануарларға жақындамау және үй жануарларына уақытында вакцина салдыру өте маңызды.