Бүгін мектеп психологы және әлеуметтік педагог 9 “Б” сынып оқушыларына “Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасы” ұсынған «Кітап бетбелгілері емес» атты оқушыларға құқықтық сабақ өткізіп, қысқаметражды фильм көрсетті.Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын қалыптастыру, алдын — алу.Сабақ барысында төмендегі баптар таныстырылды:1) ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы – 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)мөлшерінде айыппұл. Қайталанған құқықбұзушылық жағдайында – 15 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін.2) ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. Аталған бапқа есірткі және психотроптық заттарды иемдену, сақтау, тасымалдау мақсатында жасалған әрекеттер жатады.Осы құқық бұзушылық үшін кінәлі тұлға мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жаза мөлшері істің нақты мән-жайларына, есірткі заттарының көлеміне, қылмысқа қатысу дәрежесіне және басқа да факторларға байланысты белгіленеді.Сабақты қорытындылай келе оқушылар фильмнің «жақсы» немесе «жаман» кейіпкерлер туралы ғана емес, ең алдымен таңдау жасау, сол таңдаудың салдары және әр әрекеттің ойланып жасалуының маңызды екенін атап өтті. Оқушылар әлеуметтік желіден алған ақпаратты мұқият талдай білу мен жағдайды дұрыс бағалау өмірде саналы әрі жауапты шешім қабылдауға көмектесетін сенімді қорған екенін түсінді.