Хат жазу барысында оқушылар аналарына деген ыстық ықыластары мен шынайы алғыстарын жеткізіп, ананың бала өміріндегі ерекше орны туралы ойларымен бөлісті. Әрбір хатта анаға деген сағыныш, мейірім, қамқорлыққа деген ризашылық пен жүрекке жылы тілектер жазылды. Оқушылар өздерінің анаға деген махаббатын сөз арқылы жеткізіп, ананың бала тәрбиесіндегі ең үлкен тірек әрі өмірдегі ең жақын жан екенін ерекше атап өтті.
Бұл шара оқушылардың жүрегіндегі анаға деген құрметті одан әрі арттырып, олардың бойында мейірімділік, ізгілік, алғыс айту сияқты асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал етті. Сонымен қатар, отбасыдағы сыйластық пен сүйіспеншіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Сынып жетекшісі: Джалбырова К.С.
