2026 жылдың 3 наурыз күні мектебіміздің 3 «А» сыныбында «Қыз сыны» байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты – оқушы қыздардың бойындағы әдептілік, инабаттылық, өнерлілік, тапқырлық қасиеттерін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу және қыз балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету.Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Таныстыру» кезеңінде өздерін таныстырды. «Өнерлі қыз – өрге жүзер» кезеңінде өнерлерін көрсетті. «Сән үлгісі» бөлімінде әртүрлі қолдан жасалған киім үлгілерін таныстырып, сахна мәдениетін көрсетті. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпағымыз» кезеңінде қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ойып, шеберліктерін дәлелдеп, тапқырлықтарын көрсетті.Оқушылар белсенділік танытып, байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау соңында қатысушылар марапатталып, өз өнерлерін лайықты түрде көрсете білді. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.Сынып жетекшісі Алимханова Кунсулу Ерлановна