Наурыздың 03.03 күні 2 сыныптар 8 наурыз мерекесіне орай“Қыздарға әсемдік жарасады” атты сәндік өнерлерін аналарының қолдауымен ортаға салды.Қыз бала – отбасының көркі, үйдің гүлі. Әсемдік пен сұлулық қыздарға ерекше жарасады. Бірақ нағыз сұлулық тек әдемі киімде емес, жақсы мінез бен тәрбиеде болады.Қыз бала әрдайым таза, ұқыпты, жинақы болуы керек. Киімдері жарасымды, шашы тараулы, аяқ киімі таза болса – бұл оның әдемілігін арттырады.Сән – адамның өзіне жарасымды киінуі. Сәнді болу үшін қымбат киім кию міндетті емес. Ең бастысы – киімнің таза, жинақы және өзіне лайық болуы.2Ә, 2Г сынып жетекшілері: Абдрахманова Г.С., Жабагина А.С.