Құрметті ата-аналар!
Балалардың білім алып, тәрбиелі болып өсуіне қосып жатқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бен мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеулеріңіз – шәкірттердің жетістігінің негізі. Ортақ еңбегіміздің нәтижесі әрдайым жемісті болсын!
Құрметті оқушылар!
Білімге деген құштарлықтарыңыз, белсенділіктеріңіз және мектеп өміріне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздердің талпыныстарыңыз бен жетістіктеріңіз – ұстаздар еңбегінің жемісі әрі мектеп мақтанышы. Әрқашан биік мақсаттар қойып, армандарыңызға нық қадаммен жете беріңіздер!
Құрметті әріптестер!
Бірлесе атқарған еңбегіміз, өзара қолдау мен түсіністік үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және ұйымшылдықтарыңыз ортақ жетістіктеріміздің негізі. Бірге жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз нығайып, табыстарымыз арта берсін!
Игі тілекпен: мектеп директоры Егис Индира Егисовна.
