2026 жылдың 26 ақпан күні мектебіміздің қыздар волейбол командасы №7 мектептің қыздар командасымен жолдастық кездесу өткізді.Кездесу барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен командалық рухты көрсетті. Ойын тартысты да қызықты өтті. Әр кезеңде қыздар шеберліктерін байқатып, алаңда белсенділік танытты.Мұндай жолдастық кездесулер оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынастың нығаюына үлкен мүмкіндік береді.Команданы жарысқа дайындау үстіндегі жаттықтырушы – Толеутай Е.Е.Қатысқан барлық ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!