Іс-шараға бастауыш буынның 40 педагогі қатысты. Шеберлік сабағы Ақсу қаласының барлық 25 мектебінің өкілдерін біріктіріп, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталды.
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері Карабай Нургуль Казбековна және Самиға Ақмарал Көмекбайқызы “Жасанды интеллект негізіндегі нейрожаттығулар: Болашақ білім беру моделі” тақырыбында шебер сағатын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жұмыс барысында қатысушылар функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзекті тәсілдерін талқылап, сабақта сыни ойлау стратегияларын тиімді қолдану және практикалық сессиялар мен кәсіби диалогқа қатысты.
Шеберлік алаңы кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді іздеуге тиімді алаң болды.
