Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Жаңалықтар

2026 жылғы 16 сәуір күні Астана қаласында «Өсу ойлау жүйесі арқылы табысқа шабыттандыру» атты халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің 13 педагогы қатысып, өздерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.Конференцияның ерекшелігі — Сингапур елінен келген профессорлардың қатысуы болды. Олар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырды. Қатысушылар Сингапурдың білім беру моделінің ерекшеліктері, оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары және оқытудағы заманауи стратегиялар туралы құнды мәліметтер алды.Конференция барысында педагогтер тәжірибе алмасып, басқа мұғалімдер мен сала мамандарымен кәсіби байланыс орнатты. Сонымен қатар, олардың білімге деген қызығушылығы артып, оқу үдерісіне жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге шабыт алды.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

«Аққу» қыздар клубының мүшелері мен 8-сынып оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ақсу қалалық ауруханасының психологы Бохой Зора «Қыздардың жеке гигиенасы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздарға жеке гигиенаның маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру.Міндеттері:– қыздардың күнделікті жеке гигиена ережелері туралы білімдерін кеңейту;– ағзаның жас ерекшеліктеріне байланысты күтім жасау дағдыларын қалыптастыру;– зиянды әдеттердің алдын алу және олардың денсаулыққа тигізетін кері әсерін түсіндіру;– өз-өзіне күтім жасау мәдениетін дамыту;– психологиялық қолдау көрсету және ашық сұхбат арқылы сенімді қарым-қатынас орнату.Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан пайдалы кеңестер алды. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі әсерлі өтті.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылдың 15 сәуір күні «Мargulan University FIRST off-Season» роботехникадан Халықаралық жарыс өткізді. Осы жарысқа қатысқан мектебіміздің 10-сынып оқушылары Абдуллин Ерасыл, Жанмурзин Амиржан, Шакирт Іңкәр, Сетерғазықызы Ақмарал, Төкен Жансая және 8-сынып оқушысы Оспанов Аяттан тұратын командамыз “Болашақ қазба” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшілері Жагапаров Ержан Молдахметович, Кадиргалиев Ерболат Кудабаевич.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылдың 15 сәуір күні 4,5,6-сыыптардың оқушыларына арналған облыстық «Кіші Сәтбаев» олимпиадасы өтті. Осы олимпиадаға қатысқан мектебіміздің 5-сынып оқушылары Шалғынбаев Даниял, Жанбекұлы Әділет жүлделі 3-орындарды иеленді. Жетекшілері жаратылыстану пәнінің мұғалімдері Карипбаева Ш.Т. Худас Р және математика пәнінің мұғалімі Семенова Д.Б. Құттықтаймыз!!!

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Бүгін қалалық “Ілияс оқулары” байқауы жоғары деңгейде өтті 📚✨

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Аталған байқауда біздің педагогикалық сынып оқушылары өздерінің білімін, шығармашылығын және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді. Соның нәтижесінде Сәрсенбай Нұрсәт пен Сагинбек Аружан 🥇 жүлделі 1-орынды иеленіп, үздік атанды! 👏Бұл — үлкен еңбек пен табандылықтың, үздіксіз ізденістің нәтижесі. Жеңімпаздарымыз өздерінің дарындылығы мен білімге деген құштарлығын тағы бір мәрте дәлелдеп, облыстық кезеңге жолдама алды 💫Оқушыларымыздың осындай … Read More «Бүгін қалалық “Ілияс оқулары” байқауы жоғары деңгейде өтті 📚✨» »

Мектебіміздің «Аққу» клубының қыздарына «Аналар» клубының мүшесі, косметолог маман Бакасова Маржанмен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Камзина С.Ж ұйымдастыруымен арнайы кездесу өткізіп, бет күтіміне қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.Кездесу барысында маман тері күтімінің маңыздылығына ерекше тоқталып, жасөспірім кезеңдегі терінің ерекшеліктерін түсіндірді. Ол әр адамның тері түрі әртүрлі болатынын айтып, соған сәйкес дұрыс күтім жасаудың жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, күнделікті гигиенаның маңызы, теріні тазарту, ылғалдандыру және қорғау кезеңдері жайлы жан-жақты ақпарат берді.Бакасова Маржан қыздарға сапалы әрі қауіпсіз косметикалық құралдарды таңдаудың жолдарын түсіндіріп, арзан әрі белгісіз өнімдердің теріге тигізетін зияны туралы ескертті. Сондай-ақ табиғи маскалар мен үй жағдайында қолдануға болатын күтім тәсілдерімен де бөлісті.Кездесу өте қызықты форматта өтіп, қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын еркін қойып, кәсіби маманнан пайдалы жауаптар алды. Практикалық кеңестер мен нақты ұсыныстар оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.Осындай танымдық шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, өз-өзіне күтім жасауды үйренуіне және салауатты өмір салтын ұстануына үлкен септігін тигізеді.Кездесу соңында клуб мүшелері ұйымдастырушыларға және қонаққа алғыстарын білдіріп, мұндай пайдалы кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

14.04.20206 ж күні «Ақсу қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» ұйымдастыруымен «Бастауыш пен балабақша: бір мақсат, бір бағыт» тақырыбында өткен семинарда мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық мәселесі кеңінен қарастырылды. Мектепалды 0-сынып және 1-сынып педагогтері ашық сабақтар өткізіп тәжірибе бөлісті. Баланың үздіксіз дамуына жағдай жасайтын тиімді тәсілдер талқыланып, педагогтер әдістемелік ұсыныстарын ортаға салды. Бұл семинар баланың мектепке психологиялық және танымдық тұрғыдан дайындығын қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, ынтымақтастықты нығайтуға және ортақ бағытты айқындауға ықпал етті.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

«Айқын нәтиже» жобасы аясында есепте тұрған отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеру бойынша жұмыс жүргізілді.Аралау барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, сондай-ақ бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударылды.Оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Ата-аналармен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, оның барысында ата-ана жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылықты көтеру және отбасында жағымды психологиялық климат қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сапалы білім алуына жағдай жасау және мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.Жоба аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Посмотреть эту публикацию … Read More ««Айқын нәтиже» жобасы аясында есепте тұрған отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеру бойынша жұмыс жүргізілді.Аралау барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, сондай-ақ бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударылды.Оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды.» »

🌿 “Таза Қазақстан” жобасы аясында мектебіміздің ұстаздары “Жасыл мектеп” челленджіне белсенді түрде қатысуда.♻️ “Таза жұма” акциясы барысында мектеп ұжымы мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Әрбір игі іс – болашақ ұрпаққа үлгі!💚 Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірге таза, көрікті Қазақстанды қалыптастырайық!

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Жеңіс құтты болсын! 🏆7 сәуір күні Ақсу өңірі бойынша өткен «Үздік мектеп парламенті» қалалық байқауында мектебіміздің белсенділері ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈Байқауға қатысқан 9 мектептің ішінен біздің парламент өз жобаларының өзектілігін, ұйымшылдығын және креативті бағытын қорғап шықты. Бұл жетістік — әрбір оқушының, мектеп президентінің және жетекшілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр! Мектеп намысын абыроймен қорғаған жастарымызға сәттілік тілейміз! 🚀

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 𝐏𝐀𝐑𝐋𝐈𝐀𝐌𝐄𝐍𝐓📌 (@parliament_y.altynsarin)

Posts pagination

Назад 1 … 4 5 6 … 18 Далее

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown