2026 жылғы 16 сәуір күні Астана қаласында «Өсу ойлау жүйесі арқылы табысқа шабыттандыру» атты халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің 13 педагогы қатысып, өздерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.Конференцияның ерекшелігі — Сингапур елінен келген профессорлардың қатысуы болды. Олар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырды. Қатысушылар Сингапурдың білім беру моделінің ерекшеліктері, оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары және оқытудағы заманауи стратегиялар туралы құнды мәліметтер алды.Конференция барысында педагогтер тәжірибе алмасып, басқа мұғалімдер мен сала мамандарымен кәсіби байланыс орнатты. Сонымен қатар, олардың білімге деген қызығушылығы артып, оқу үдерісіне жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге шабыт алды.