«Аққу» қыздар клубының мүшелері мен 8-сынып оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ақсу қалалық ауруханасының психологы Бохой Зора «Қыздардың жеке гигиенасы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздарға жеке гигиенаның маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру.Міндеттері:– қыздардың күнделікті жеке гигиена ережелері туралы білімдерін кеңейту;– ағзаның жас ерекшеліктеріне байланысты күтім жасау дағдыларын қалыптастыру;– зиянды әдеттердің алдын алу және олардың денсаулыққа тигізетін кері әсерін түсіндіру;– өз-өзіне күтім жасау мәдениетін дамыту;– психологиялық қолдау көрсету және ашық сұхбат арқылы сенімді қарым-қатынас орнату.Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан пайдалы кеңестер алды. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі әсерлі өтті.