Мектебіміздің «Аққу» клубының қыздарына «Аналар» клубының мүшесі, косметолог маман Бакасова Маржанмен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Камзина С.Ж ұйымдастыруымен арнайы кездесу өткізіп, бет күтіміне қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.Кездесу барысында маман тері күтімінің маңыздылығына ерекше тоқталып, жасөспірім кезеңдегі терінің ерекшеліктерін түсіндірді. Ол әр адамның тері түрі әртүрлі болатынын айтып, соған сәйкес дұрыс күтім жасаудың жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, күнделікті гигиенаның маңызы, теріні тазарту, ылғалдандыру және қорғау кезеңдері жайлы жан-жақты ақпарат берді.Бакасова Маржан қыздарға сапалы әрі қауіпсіз косметикалық құралдарды таңдаудың жолдарын түсіндіріп, арзан әрі белгісіз өнімдердің теріге тигізетін зияны туралы ескертті. Сондай-ақ табиғи маскалар мен үй жағдайында қолдануға болатын күтім тәсілдерімен де бөлісті.Кездесу өте қызықты форматта өтіп, қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын еркін қойып, кәсіби маманнан пайдалы жауаптар алды. Практикалық кеңестер мен нақты ұсыныстар оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.Осындай танымдық шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, өз-өзіне күтім жасауды үйренуіне және салауатты өмір салтын ұстануына үлкен септігін тигізеді.Кездесу соңында клуб мүшелері ұйымдастырушыларға және қонаққа алғыстарын білдіріп, мұндай пайдалы кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.