14.04.20206 ж күні «Ақсу қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» ұйымдастыруымен «Бастауыш пен балабақша: бір мақсат, бір бағыт» тақырыбында өткен семинарда мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық мәселесі кеңінен қарастырылды. Мектепалды 0-сынып және 1-сынып педагогтері ашық сабақтар өткізіп тәжірибе бөлісті. Баланың үздіксіз дамуына жағдай жасайтын тиімді тәсілдер талқыланып, педагогтер әдістемелік ұсыныстарын ортаға салды. Бұл семинар баланың мектепке психологиялық және танымдық тұрғыдан дайындығын қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, ынтымақтастықты нығайтуға және ортақ бағытты айқындауға ықпал етті.