Жеңіс құтты болсын! 🏆7 сәуір күні Ақсу өңірі бойынша өткен «Үздік мектеп парламенті» қалалық байқауында мектебіміздің белсенділері ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈Байқауға қатысқан 9 мектептің ішінен біздің парламент өз жобаларының өзектілігін, ұйымшылдығын және креативті бағытын қорғап шықты. Бұл жетістік — әрбір оқушының, мектеп президентінің және жетекшілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр! Мектеп намысын абыроймен қорғаған жастарымызға сәттілік тілейміз! 🚀