🏃♂️ 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 🏃♀️Осы атаулы күнге орай мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында ауқымды спорттық жарыстар ұйымдастырылды 💪Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту болды.🔹 5-сынып оқушылары арасында көңілді әрі тартысты эстафеталық жарыстар өтті. Оқушылар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезіне білді.🔹 8-сыныптар жеңіл атлетикалық ойындарда өзара бақ сынасып, шыдамдылық пен шапшаңдықтарын дәлелдеді.🔹 9–10 сынып оқушылары арқан тарту сайысында күш сынасып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті 🤝Жарыс барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, әр команда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсады. Спорттық дода жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады 🔥Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.✨ Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, достыққа және белсенді өмір салтына тәрбиелейді.Салауатты өмір салтын бірге қолдайық! 💚